Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жемқорлыққа қарсы қызметкерлерге оқ атқан полицейлерге халықаралық іздеу жарияланды

Опубликовано:

Тұтқындау кезінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының қызметкерлеріне оқ атқан полицейлерге халықаралық іздеу жарияланды деп хабарлайды zakon.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay
Көрнекі фото: pixabay: Twitter

Оқиға биылғы жылдың сәуір айында орын алды. Тәртіп сақшылары пара алу бойынша күдікке ілінген. Тұтқындау кезінде олар Ұлттық бюро қызметкерлеріне оқ атып, оқиға орнынан жасырынып үлгерген.

Сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыс бойынша 4 адам күдікті танылған. Олардың ішінде Әкімшілік полиция бөлімшесінің және Жергілікті полиция қызметінің басшылары бар.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің нұсқасы бойынша, олар жергілікті тұрғыннан бұрын тәкіленген ондатр терілерін қайтарып беру үшін 700 мың теңге алған.

Жоғарыда аталған пара алу фактісінен бөлек күдіктілердің үстінен Қылмыстық кодекстің 380 бабы (билік өкілдеріне қарсы күш қолдану әрекеті) бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Іс Алматы облысының прокуратурасына өткізілді.

"Биылғы жылдың 20 мамырында полицияның үш қызметкеріне халықаралық іздеу жарияланды. Басқа мәліметтер тергеу мүддесіне орай жария етілмейді", – делінген ведомство хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1809583-sybajlas-zemkorlyk-kyzmetkerlerine-ok-atkan-policejlerge-halykaralyk-izdeu-zarialandy/

pixel