Ақша айырбастау нүктелерінде доллар бағамы 390 теңгеге жетті
Опубликовано:
7 тамызда Қазақстан қор биржасындағы (KASE) таңғы сауда аяқталды. Осыған сәйкес орташа сараланған бағам - бір доллар үшін 387,44 теңгені құрады. Ұлттық валюта тағы 0,47 теңгеге әлсірегнен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстандық ақша айырбастау орындарында доллар бағамы қазірдің өзінде 390 теңгеден асты. Күні кеше, 6 тамызда АҚШ валютасы 389 теңгеден сатылған болатын.
Алматыда доллардың максималды сату бағасы 390,2 теңге болды.

Ал Нұр-Сұлтандағы айырбастау нүктелерінде АҚШ валютасы 389 теңгеден сатылып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1809701-aksa-ajyrbastau-nktelerinde-dollar-bagamy-390-tegege-zetti/