Сағынтаев алматылықтарға қажет өнімдерді зерттеуді тапсырды
Опубликовано:
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев оңтүстік астаналықтарға қандай азық-түлік керек екенін зерттеуді тапсырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы шаһар басшысы Twitter желісіндегі парақшасында жазды.
"Алматы облысы мегаполиске басты азық-түлік жеткізуші. Қалаға қандай өнімдер қажет екенін зерттеуді тапсырдым. Сараптама негізінде облыстан өнімді тікелей жеткізудің тетіктері жасалады. Бұл делдалдарды жояды, базарларды өнімдермен толтырады және бағаға оң ықпалын тигізеді", - деді ол.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1809723-sagyntaev-almatylyktarga-kazet-nimderdi-zertteudi-tapsyrdy/