Заңсыз қару-жарақ саудалаған шетел азаматтары тұтқындалды
Опубликовано:
Қазақстанның екі қаласында заңсыз қару-жарақ саудасымен айналысқан бірнеше шетел азаматы еліміздің күштік құрылым қызметкерлерімен тұтқындалды, деп хабарлайды ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның баспасөз қызметі хабарлағандай, Жамбыл облысы бойынша ҰҚК департаменті атыс қаруы мен оқ-дәріні заңсыз саудалаған топтың әрекетін әшкереледі. Белгілі болғандай, бұл топ шетел азаматтарынан құралған.
25 шілдеде Алматы мен Павлодарда жүргізілген арнайы операция барысында күштік құрылым қызметкерлері заңсыз айналымнан 7 "Калашников" автоматын, 2 "Макаров" тапаншасын, сондай-ақ түрлі калибрдегі оқ-дәрілерді тәркілеген.
Тұтқындалған азаматтар Таразға жеткізілді. Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1809758-zasyz-karu-zarak-saudalagan-setel-azamattary-ttkyndaldy/