Ақтауда қаны бар зертханалық пробиркалардың қоқысы табылды
Опубликовано:
Ақтау тұрғындары Маңғыстау-5 ауылының аумағынан қаны бар пробиркалар, зәр жинау контейнерлері мен түрлі иедициналық қалдықтардың үйіндісін анықтады деп жазады Lada.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Мұндай аса қауіпті заттарды санитарлық-эпидемиялық ережелерге сай жоюдың орнына, оларды қоқысқа тастағаны қала тұрғындарының наразылығын тудырды.

Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасында оқиғаға қатысты пікір білдіруге уәде берді. Басқарма пробиркаларды кім тастағаны мен олардың адам денсаулығы үшін қаншалықты қауіпті екенін анықтау керек.




Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1809788-aktauda-kany-bar-zerthanalyk-probirkalardy-kokysy-tabyldy/