Тоқаев "Барыс Аренада" хоккей ойынын тамашалауда (фото)
Опубликовано:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогына арналған шайбалы хоккей бойынша 10-шы мерейтойлық халықаралық турнирдің ашылу рәсіміне қатысты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды.
Оның мәліметінше, президент "Барыс Арена" мұз айдынында 19.30-да басталған елордалық "Барыс" пен қазандық "Ак Барс" арасындағы ойынды тамашалауда.

Мемлекет басшысынан бөлек матчты тамашалап отырғандар арасынан мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулинді, премьер-министр Асқар Маминді, Президент әкімшілігінің басшысы Қырымбек Көшербаевты және Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгіновті байқауға болады.


Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1809797-tokaev-barys-arenada-hokkej-ojynyn-tamasalauda-foto/