Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әдейі қарадым": Білім және ғылым министрі оқулықтан қате тапқанын мәлімдеді

Опубликовано:

Қазақстанның білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектеп оқулығынан қате тапқанын жеткізді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Фото: karaganda-region.gov.kz
Фото: karaganda-region.gov.kz: UGC

Бұл туралы министр Нұр-Сұлтанда өткен кеңесте айтты.

Оның сөзінше, оқулықтардың сапасына қатысты мәселе жыл сайын көтеріледі.

"Қоғам тарапынан көп сұрақ қойылып, сын-ескертпе жиі айтылады. Шыны керек, проблема бар, қателер кездеседі. Біреулер қате басылып кетті дейді, енді біреулер техникалық ақаулық деп ақталады. Алайда халықты бұл себептер қызықтырмайды", - деді Аймағамбетов.

Министр халыққа сапалы оқулық керек екенін баса айтты.

Ол мектеп оқулықтарынан қате тапқанын жасырмады.

Аймағамбетовтың сөзінше, орыс әдебиеті оқулықтарында кейіпкерлердің біресе аты, біресе фамилиясы жазылады. Бұдан бөлек, ағылшын сөздері қазақ және орыс тілдеріне дұрыс аударылмайды.

"Мен әдейі бірнеше оқулықты алып қарадым. Шынымды айтсам, өзім де бірнеше қате таптым. Ол қателер қайдан шығып жатыр? Министрлікке не істеу керек? Бүгін осы жайында сөйлесеміз", - деді білім және ғалым министрі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1809983-deji-karadym-bilim-zne-gylym-ministri-okulyktan-kate-tapkanyn-mlimdedi/

pixel