Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҚО-да "прокурорлардың" жанжалы түсіп қалған видео зерттелуде

Опубликовано:

Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы Бөрлі ауданы прокуратурасының екі қызметкеріне қатысты тексеру жүргізуде деп хабарлайды қадағалау органының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: bko.gov.kz
Көрнекі фото: bko.gov.kz: UGC

Әлеуметтік желілерде пайда болған видеода, автордың айтуы бойынша, Бөрлі ауданының прокурорлары бейнеленген.

Роликтің авторы аудандық прокуратура қызметкерлері бірінің қоғамдық орында дәрет сындырғанын видеоға түсіріп алғанын мәлімдеді.

Жасалған ескертуден кейін олардың арасында жанжал туған.

Ер адам тәртіп бұзушыларға қатысты шара қолдануды сұрады.

Батыс Қазақстан облысының прокуратурасында қызметкерлерге қатысты қызметтік тергеу жүргізілуде

"08.08.2019 жылы сағат 04.00-те Бөрлі ауданының полиция бөліміне А. азаматынан Бөрлі ауданы прокуратурасының қызметкерлері Қ. Қайрмұханов пен Е. Бердіғалиевке қатысты шара қолдану туралы арыз түсті.
Аталған факті бойынша облыс прокуратурасы қызметтік тексеру жүргізіп, нәтижесінде тиісті шаралар қолданылатын болады", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1810242-bko-da-prokurorlardy-zanzaly-tsip-kalgan-video-zerttelude/

pixel