Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тұрғымбаев полицейлердің трансұлттық қылмыспен қалай күресетінін айтты

Опубликовано:

Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан Ішкі істер министрлері Алматыда жиылып, ішкі істер органдарының қылмыскерлерді іздестірудегі өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру, шекара маңындағы өңірлер ішкі істер органдарының бөтеннің мүлікін ұрлауға қарсы күрестегі ынтымақтастығын жандандыру мәселелерін талқылады деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

тұрғымбаев
Ерлан Тұрғымбаев. Фото: mvd.gov.kz: Depositphotos
«Біздің елдеріміз аумағында қылмыс жасаған қауіпті қылмыскерлерді іздеу және ұстау, ауыр қылмыстарды бірлесіп ашу бағытында көптеген жақсы нәтижелер бар.

Бірлескен іс-шаралар өткізу өңірдегі жедел жағдайға оң әсер етеді. Бұл жұмыс бағыты бойынша ТМД шеңберінде «іздестіру» халықаралық операциясын (жыл сайын 2 кезеңде) жүргізу кезінде оң тәжірибе жинақталғанын атап өткім келеді.

Сонымен қатар, бірінші рет төртжақты форматта біздің елдеріміздің аумағында мал ұрлығы мен адам саудасына байланысты қылмыстарды алдын алуға, жолын кесуге, анықтауға және ашуға бағытталған «Мал ұрлығы» (2018ж. желтоқсан) және «Стоп-трафик» (2018ж. қараша) үйлестірілген жедел-алдын алу операциялары өткізілді.

Осы операциялар аясында халықаралық іздеуде жүрген қылмыскерлер ұсталды, шекара арқылы заңсыз айдалатын бірнеше ондаған бас мал табылды, адам саудасына байланысты 100-ге жуық қылмыс анықталды.

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы шеңберінде (8 ел, оның ішінде Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан кіреді) жақында ғана (а.ж. шілдесінде) синтетикалық есірткілерді жеткізу және тарату арналарының жолын кесуге бағытталған «Паутина» есірткіге қарсы алғашқы операция іске асырылды.

Іс-шара барысында ШЫҰ елдерінің аумағында 1 мыңнан астам есірткі қылмысы анықталды, 7 тоннаға жуық түрлі есірткі тәркіленді, есірткі тәртібін бұзғаны үшін 2 мыңнан астам адам ұсталды.

Мемлекет (ШЫҰ) басшыларының шешімі бойынша бұл операция алдағы уақытта тұрақты түрде жүргізілетін болады», – деп атап өтті Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Ерлан Тұрғымбаев.

Сонымен қатар, кездесуде бірлескен іздестіру жұмысы трансұлттық қылмысқа қарсы күресте біздің іс жүзіндегі өзара іс-қимылымыздың ең нәтижелі негізі болып табылатыны атап өтілді.

Ағымдағы жылы Орталық Азия елдерінен ішкі істер органдарының сұраулары бойынша Қазақстан аумағында 70-ке жуық қылмыскер, оның ішінде аса ауыр қылмыс жасаған қылмыскерлер іздестірілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1810260-trgymbaev-policejlerdi-translttyk-kylmyspen-kalaj-kresetinin-ajtty/

pixel