Тоқаев жүйеден шығарған Жасұзақов зейнетақы мен әскери атағын сақтап қалды
Опубликовано:
Жақында мемлекет басшысы Қарулы күштер қатарынан шығарған Қазақстанның экс-қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов мемлекеттік наградалардан және әскери атағынан айырылмайды. Сондай-ақ, ол өзіне тиесілі зейнетақыны да ала бермек. Бұл туралы аталмыш сұрақтар бойынша ведомствоға сауал жолдаған "ҚазАқпарат" хабарлады.

«Генерал-полковник Сәкен Әділханұлы Жасұзақов ҚР Президентінің өкімі негізінде 2019 жылғы 7 тамызда әскери атағы, мемлекеттік наградалары мен зейнетақы төлемдері сақтала отырып, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің тізімінен шығарылды», - делінген министрлік берген ресми жауапта.
Сондай-ақ, Қорғаныс министрлігінде ҚР Қарулы күштерінің Тыл және қару-жарақ бастығы, ҚР Қарулы күштерінің Бас артиллериялық басқармасының бастығы мен оқ-дәрілер басқармасының бастығы, 44859 әскери бөлімінің командирі (Арыс қаласы) қажетті деңгейде бақылау жүргізбей, қызмет барысында олқылықтар жібергені үшін лауазымдарынан босатылығаны хабарланды.
Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Арыста орын алған қайғылы жағдай үшін бұрынғы қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақовты Қарулы күштер жүйесінен шығарғаны туралы хабарлаған едік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1810375-tokaev-zjeden-sygargan-zaszakov-zejnetaky-men-skeri-atagyn-saktap-kaldy/