Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық ару: Баланы алдыртқанша мүлде балалы болмағаны дұрыс

Опубликовано:

"Еуразия" бірінші арнасындағы "Пендеміз ғой" ток-шоуна келген балалар оқытушысы Ұлжан есімді ару тікелей эфирде сәбилі болуға асықпайтынын сөз етті. Айтуынша оның жасы 29-ға келгенімен ол бала туығысы келмейді екен. Нәзікжандының мұндай пікірі жұртқа жақпай қалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр: UGC

"Пендеміз ғой" ток-шоуының басты кейіпкері - Ұлжан есімді мұғалім. Ол 30 жасқа аяқ басқанын және осы уақытқа дейін тұрмысқа шығып, бала сүюді арман етпегенін айтты.

Балалар оқытушысы болашағын жарқын ету үшін мансап қуып, жұмысқа жанымен берілгенін де жасырмады.

"Ата-анам мен 11 жаста болғанда ажырасып кетті. Өзімнен 6 жасқа кіші ініме өзім қарап, оған өзім бас-көз болдым. Қазір жасым 30-ға таяп қалды. Осы уақытқа дейін тұрмысқа шығып, ақ көйлек киюді арман етпедім. Қазіргі кезде мансапты мақсат еткен соң, болашаққа жоспар құрғандықтан балалы болу да ойымда жоқ. Тыныштықты ұнатамын. Қазіргі жағдайда жігіттермен танысудың өзі қызық емес", - дейді ару өз сөзінде.

Кейіпкер өзінің дәулетті отбасынан шыққан жігітті іздемейтінін де алға тартты.

"Мен басқа қыздар секілді бос уақытымды түнгі клубта өткізбеймін. Тіпті бай жігітті де іздемедім. Ұятта болса қазіргі уақытта бірінші орынға өзімді қоямын. Өзімді және жұмысымды, баспанамды. Екінші орында жұбайым болуы мүмкін.
Баланы тастап кеткенше немесе алдыртқанша мүлде балалы болмағаны дұрыс. Адам моралды түрде оған дайын болу керек", - дейді ару.

Психолог маман бойжеткеннің ішінде әкесіне деген реніші оның "қазіргі жағдайым дұрыс" деп өзін-өзі алдауына итермелеп отыр екен.

Сондай-ақ, айтуынша, кейіпкер махаббаттан көңілі қалғандықтан осындай күйге түскен.

Бағдарламаның кей қонақтары кейіпкердің пікірін қолдай жөнелді. Олардың ойынша, жағдайды түземей қатарынан бала туып мемлекеттен үй талап еткенше, баспаналы болып, асықпай сәбилі болған абзал.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1812004-kazakstandyk-aru-balany-aldyrtkansa-mlde-balaly-bolmagany-drys/

pixel