Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Түнгі бұзақы": Қостанайда жеті түнде көлікке бояу құйған ару камераға түсіп қалды (видео)

Опубликовано:

22 тамыз күн Қостанайда белгісіз бойжеткен автокөлікке бояу құйып кетті. Тұрғын бұзақылық жасаған сәті подъезде тұрған бейнебақылау камерасына жазылып қалған деп хабарлайды alau.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр/ Alau.kz
Фото: Видеодан кадр/ Alau.kz: Facebook

Видео кадрларында нәзік жандының автокөлікке жақындап, оған бояу құйып кеткенін аңғаруға болады. Оқиға түнгі 3:20-да болған.

Alau.kz оқырманының сөзінше, жағдай Арыстанбеков көшесінде орын алған. Ару көлікті тек бояп қана қоймай, ақ және сары сызықтар қалдырып кеткен.

Басылым бұған қатысты жауап алу үшін Қостанай облыстық полиция департаментіне жүгінген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1812588-tngi-bzaky-kostanajda-zeti-tnde-klikke-boau-kjgan-aru-kameraga-tsip-kaldy-video/

pixel