Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алдағы үш күнде елімізде ауа райы қандай болмақ?

Опубликовано:

Алдағы үш күнде елімізде ауа райы жаңбырлы болады деп хабарлайды Қазгидромет.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Қазақстанға Ресейдің Еуропалық бөлігінің солтүстік аймағынан атмосфералық фронттармен циклон жылжып, соның салдарынан батыс облыстарында найзағаймен жаңбыр және көптен күткен ыстықтың басылуы күтіледі.

Күндізгі ауа температурасы плюс 35…40°С-тан кейін, 20…30°С-қа дейін төмендейді. Сондай-ақ республиканың солтүстік және солтүстік-батыс аймақтарының кей жерлерінде найзағаймен жаңбыр, желдің дауылды күшеюі күтіледі.

Қазақстанның оңтүстік-шығысының кей жерлерінде найзағаймен өткінші жаңбыр күтілуі мүмкін. Демалыс күндері қалған аймақтарда жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, орталықта және шығыста күндіз ауа температурасының плюс 25…35°С дейін жоғарылауы болжанады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1812729-aldagy-s-knde-elimizde-aua-rajy-kandaj-bolmak/

pixel