Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көлгінов: Қолжетімді баспана бағытында жұмысты күшейтуіміз қажет

Опубликовано:

Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов елордада салынып жатқан тұрғын үйлердің құрылысы барысымен танысты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көлгінов: Қолжетімді баспана бағытында жұмысты күшейтуіміз қажет
Фото: www.instagram.com/altay_kulginov_official: Instagram

Бұл туралы бас қала басшысы өзінің Instagram желісіндегі ресми парақшасында жария етті.

Биыл елордада 2 млн. текше метрден астам тұрғын үйлер салыну көзделген.

Құрылыс жұмыстарына куә болып, тексеріп шыққан Көлгінов тұрғындарды баспанамен қамту бағытында жұмыс істеу керек екенін жазды.

"Құрылыс секторы қала экономикасының негізгі драйвері болып табылады. Қолжетімді баспанаға сұраныс жоғары, сол себепті, бұл бағытта жұмысты күшейтуіміз қажет", - деп жазды Нұр-Сұлтан әкімі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1812816-klginov-kolzetimdi-baspana-bagytynda-zmysty-ksejtuimiz-kazet/

pixel