Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Байбек митингке шыққан көпбалалы аналар жайлы ойын айтты

Опубликовано:

Алматының бұрынғы әкімі, Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек "Хабар" телеарнасына берген сұхбатында митингке шыққан көпбалалы аналарға қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бауыржан Байбек. Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов
Бауыржан Байбек. Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов: Original
"Алматының әкімі және Nur Otan партиясы филиалының төрағасы бола отырып, біз көпбалалы аналарға белсенді түрде көмектестік. Мен оларға үнемі: "Салық төлеушілерге рақмет айтыңыздар", дейтінмін. Жұмыс істеп, үнемдеп, ипотека алатын адамдарға. Олардың көбісі де 5-6 бала бағып отыр.
Яғни, біреулері жұмыс істейді, ал басқалары барлығын тегін алулары керек, жай ғана бер деп. Мен келдім, маған бүгін кезектен тыс бер дейді, бірақ кезекте басқа да адамдар бар ғой. Сонда біреуді жылжыту керек пе?", – дейді Алматының бұрынғы әкімі.ؘ

Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары "барлығы да заң шеңберінде шешілуі тиіс" екенін жеткізді.

"Біреуге тек митингке шыққаны үшін ғана қалағанын берсең, сонда қалғандары қайда қалады? Несиелерін төлеп, ешкімнен ештеңе сұрамайтындарды не істейміз?
Қандай қиындық тумасын, барлығын өздері шешетін азаматтар бар, және бұндай қазақстандықтар көпшілікті құрайды. Алайда, кез келген өмірлік жағдайда біреуді кінәлайтын адамдар да бар. Әкем, ағам, туысым, жұмыс беруші, мемлекет кінәлі дейтіндер бар", – деп түсіндірді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1812971-almatyny-eks-kimi-mitingke-sykkan-kpbalaly-analar-zajly-ojyn-ajtty/

pixel