Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Халық емшісі бойына жын кірген келіншекпен болған тылсым оқиға жайлы айтып берді

Опубликовано:

Дені дұрыс адам аяқ асты ақылға қонымсыз әрекет жасап, құран оқылған кезде мазасы қашса, өз-өзімен жиі сөйлессе, халық оны "жын кірді" деп атайды. Осы орайда Sputnik Қазақстан "Жын адамға қалай кіреді? Одан қалай сақтану қажет? Адам бойынан жынды шығару үшін не істеу керек?" деген сұрақтарға жауап іздеп 55 жастағы халық емшісі Құралай Тезекбаевамен тілдесті.

Көрнекі сурет: pixabay.com
Көрнекі сурет: pixabay.com: Facebook

Емшенің сөзінше, адам бойына жын әртүрлі себептермен кіреді және еркек, не әйел деп жыныс таңдамайды.

"Жын кіру" деген өмірде бар. Ес-ақылынан айырылған, бойына "жын кіріп", ұйқысы қашқан адамдар келеді. Мұндай адамдар құран оқылған кезде мазасы қашып, бір орында тұрақтай алмайды. Жын адамға дуа арқылы кіруі мүмкін. Бұндай жағдай менің тәжірибемде кездесті", - дейді Құралай Тезекбаева.

Оның айтуынша, дуа қызғаныштан, реніштен, қарғыстан және арам пиғылдан пайда болады. Егер адамның денсаулығы әлсіз болып, жаны күйзеліп жүрсе, қорғаны болмаса, дуаға ұшырауы мүмкін.

Құралай Тезекбаева жынның адамнан мықты екенін айтып, сөзіне дәлел ретінде тәжірибесінде кездескен тылсым оқиғамен бөлісті.

"2012 жылы маған тұрмыс құрған 20 жастағы әйел келді. Әңгіме барысында оның бойында жын бар екені белгілі болды. Кейін біз Семей өңірінде Сеңкібай қажы деген атаның басына түнеуге баратын болдық. Автобуспен жолға шықтық. Аяқ астынан жас әйел "мені жіберіңіздер" деп ашуға мінді.
Осы сәтте автобус қатты қозғалып, жолдан шығып кете жаздады. Оның жанында күйеуі, ағасы және тағы төрт жігіт бар еді. Жас әйелді тоқтатуға олардың күші де, шамасы да жетпеді. Осыдан-ақ жынның адамнан мықты екенін байқауға болады", – дейді ол.

Емшінің сөзінше, бүгінде сол келіншек бойындағы жыннан арылып, үш бала тәрбиелеп, бақытты өмір сүріп жатыр екен.

Құралай Тезекбаева сондай-ақ, адамның бойындағы жынды құран дұғаларымен шығаратынын, бірақ бұл оңай шаруа емес екенін алға тартты.

"Жынды шығару оңай емес. Бір адамның бойынан жынды шығару 10-20 күнге созылуы мүмкін. Ал егер жын адамның ақыл-есін жаулап алса, 4-5 айға дейін бойынан шықпайды", – дейді ол.

Халық емшісі сөз соңында таза жүріп, мешітке барса, дәретін уақытында алып тұрса, арақ ішу, темекі шегу сынды жаман әдеттерден аулақ болса, мұндай жанға жын жоламайтынын айта кетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1812991-halyk-emsisi-bojyna-zyn-kirgen-kelinsekti-kalaj-emdegenin-baandady/

pixel