Бүгін түнде әл-Фараби даңғылында сағатына 80 шақырыммен жүруге қайта рұқсат етіледі
Опубликовано:
27 тамыздан бастап ресми түрде Әл-Фараби даңғылы мен Шығыс айналма жолындағы жылдамдық сағатына 80 шақырым болады деп хабарлайды Алматы қаласы полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
![Фото: Алматы полиция департаменті Фото: Алматы полиция департаменті](https://cdn.nur.kz/images/1120/87bfb21eaa37a452.jpeg)
Департаменттің әкімшілік полиция басқармасы мәлімдегендей, барлық дайындық жұмыстары атқарылған.
Жұмыстың техникалық бөлігі 26 тамыз күн кешке бітеді, ал 00:00-ден бастап жүргізушілер әл-Фараби даңғылы және Шығыс айналма жолымен сағатына 80 шақырым жылдамдықпен жүре алады.
![Фото: Алматы полиция департаменті Фото: Алматы полиция департаменті](https://cdn.nur.kz/images/1120/f0b1b94f81dcde1b.jpeg)
Дегенмен, даңғылдың екі учаскесінде жылдамдық мөлшері сағатына 60 шақырым болып қала береді. Себебі, ол жерлерде қауіпті бұрылыстар бар және жол апатының қаупі жоғары.
![Фото: Алматы полиция департаменті Фото: Алматы полиция департаменті](https://cdn.nur.kz/images/1120/4477fd29da5bc99f.jpeg)
Осылайша, сағатына 60 шақырым жылдамдық әл-Фараби даңғылының Бағанашыл ықшам ауданына бұрылатын учаскесінен Қошанов көшесіне дейінгі аумақта, сондай-ақ кіші Желтоқсан көшесі аумағында сақталады.
![Фото: Алматы полиция департаменті Фото: Алматы полиция департаменті](https://cdn.nur.kz/images/1120/68c0ee03b606499d.jpeg)
Сондай-ақ, Сайын көшесіндегі жылдамдық режимі сағатына 60 шақырым болып қала береді.
"Бұл көшедегі жол апатының қаупі жоғары учаскелері бойынша қосымша талдау жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады ведомстводан.
![Фото: Алматы полиция департаменті Фото: Алматы полиция департаменті](https://cdn.nur.kz/images/1120/1b67775caf6909a9.jpeg)
Полиция жол қозғалысы ережелері мен жолдағы қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1813026-bgin-tnde-l-farabi-men-sygys-ajnalma-zolynda-sagatyna-80-sakyrymmen-zruge-kajta-rksat-etiledi/