Қазақстандықтарды қыркүйек айында қандай ауа райы күтіп тұр?
Опубликовано:
Күздің бірінші айы жылы әрі шуақты, жауын-шашын мөлшері қалыптан төмен болады. Бұл туралы "Қазгидрометке" сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Қыркүйектің алғашқы күндерінде елдің көптеген аймақтарында ыстық ауа райы сақталады. Күндіз сынап бағанасы 22-25 градусты көрсетсе, кешке қарай ауа температурасы 10-12 градусқа дейін төмендеуі ықтимал.
Алғашқы он күнде жаңбыр мен ауа райының аздап салқындауы күтіледі. Түнде ауа температурасы 6 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.
Қыркүйектің 10-нан бастап күн жылиды. Бұл күндері сынап бағанасы қайтадан 24-26 градусқа дейін көтеріледі. Ал түнде күн айтарлықтай суиды – ауа райы 10-нан 3 градусқа дейін төмендеуі ықтимал.
Айдың ортасында күн суып, жауын-шашындар болады деп күтілуде. Бұлтты және жауын-шашынды ауа райы шамамен бір апта сақталады.
22 қыркүйектен бастап күн қайта жылиды. Синоптиктердің болжамынша, жылы әрі шуақты ауа райы айдың соңына дейін сақталады.
Сондай-ақ елдің кей өңірлерінде жылы күндер өткінші жаңбырмен алмасып тұрады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1813192-kazakstandyktardy-kyrkjek-ajynda-kandaj-aua-rajy-ktip-tr/