Оралда 16 жастағы қыз көпірден секіріп, мерт болды
Опубликовано:
Оралда полиция қызметкерлері өз-өзіне қол жұмсау факті бойынша тергеу амалдарын бастады. 22 тамыз күні 16 жастағы қыз көпірден секіріп, қаза болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
![Көрнекі сурет: pixabay.com Көрнекі сурет: pixabay.com](https://cdn.nur.kz/images/1120/47fb1a9ffd886998.jpeg)
«Жасөспірім қыз теміржол бекетіне жақын маңда орналасқан жаяу жүргіншілер көпірінен секірген. Аталған факт тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр», – деп мәлімдеді Орал стансасының ішкі істер желілік бөлімінде.
Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жасөспірімнің өлімі жедел жәрдем дәрігерлері келмей тұрып тіркелген.
Полиция өкілдері кәмелет жасына толмағандардың арасында өз-өзіне қол жұмсау оқиғасы биылдыққа бірінші рет болып отырғанын жеткізді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1813231-oralda-16-zastagy-kyz-kpirden-sekirip-mert-boldy/