Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қорқынышты": Нұр-Сұлтанда атыс болған үйдің көршілері мән-жайды айтты

Опубликовано:

Нұр-Сұлтанда 25 тамыз күні болған атыстың себебі толығымен анықталды. Ер азамат төбелес кезінде суық қару қолданған. Соның салдарынан бір адам қаза тауып, үшеуі жарақат алды деп хабарлайды Астана телеарнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ

Видеодан кадр/Астана телеарнасы
Видеодан кадр/Астана телеарнасы: UGC

Учхоздағы Маман көшесінің тұрғындарының айтуынша, жанжал ер адамдар арасындағы араздыққа байланысты туындауы мүмкін.

"Төбелес қорқынышты болды. Адамдар бір-бірін ұрып, аяқпен тепті. Олардың саны көп еді. Ол - аңшы, мылтықпен атқан секілді", - деді көршісі.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, ер адам жалғыз тұрып, жақында жөндеу жұмыстарын жасаған. Енді үйінің қабырғасында бытыраның іздері көрінеді.

Туындаған жанжал салдарынан үш адам жарақат алған. Төртіншісі ауруханаға басы сынған күйде жеткізіліп, кейін қайтыс болған.

Қазіргі уақытта "Кісі өлімі" бабы бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуле.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1813309-korkynysty-nr-sltanda-atys-bolgan-jdi-krsileri-mn-zajdy-ajtty/

pixel