Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық полицейлерге алатаяқтар қайтарылды

Жарияланған күні:

Ішкі істер министрлігі 2019 жылдың 1 қыркүйегінен бастап жол қозғалысын реттеу үшін алатаяқты қолдануға көшеді. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметі мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: ІІМ баспасөз қызметі
Фото: ІІМ баспасөз қызметі: UGC

Айта кету керек, алатаяқтар тек жол қозғалысын реттеу үшін, әсіресе тәуліктің қараңғы уақытында және нашар көріну жағдайында, сондай-ақ:

- жол-көлік оқиғалары және жолдарда кептеліс пайда болғанда, оның ішінде бағдаршамдар жасамай қалған:

- көлік құралдарының ұйымдасқан колонналарын алып жүру;

- терроризмге қарсы операцияны және (немесе) күзет іс-шараларын өткізу;

- табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарларын болдырмау және (немесе) жою кезінде көлік құралдарын бағыттау үшін қолданылады.

Фото: ІІМ баспасөз қызметі
Фото: ІІМ баспасөз қызметі: UGC

Алатаяқты пайдалану реттеуші беретін сигналдарды жол қозғалысына қатысушылардың қабылдауын жақсартады және полицейлердің қауіпсіздігін арттырады.

Жол жүрісін реттеу сары түсті кеудешелер киіп, арнаулы жарық шағылыстырғыш қолғаптармен алатаяқты пайдалана отырып және ысқырықпен белгі беру бойынша жүзеге асырылады.

Жол қозғалысы қауіпсіздігі сақталуын бақылау көбінесе автоматты тіркеу жүйелерінің көмегімен атқарылады.

Бүгінгі күні автожолдардағы патрульдік полиция жұмысы толығымен автопатрульдеуге ауыстырылғанын атап өту қажет.

Фото: ІІМ баспасөз қызметі
Фото: ІІМ баспасөз қызметі: UGC

Яғни көлік құралдарын тоқтату арнайы жарық-дыбыс сигналдарын және дауыс зорайтқыш құрылғылар пайдалана отырып, алатаяқ қолданбай, сигнал беру арқылы автопатрульдеу режимінде жүзеге асырылатын болады.

Полиция қызметкерінің көлік құралдарын қолмен белгі беріп тоқтатуына жол берілмейді.

Алатаяқтарды қолдануға көшу үшін бюджеттен қаржы талап етілмейді. Өйткені бұрынғы алатаяқтар сақталған.

Фото: ІІМ баспасөз қызметі
Фото: ІІМ баспасөз қызметі: UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1813866-kazakstandyk-policejlerge-alataaktar-kajtaryldy/