Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысында мектеп мұғалімі мен оның сыбайласы астаналық аруды сабап кетті

Жарияланған күні:

Ақмола облысы Жақсын ауданында таныстары Ксения Петриканинаны ағасымен бірге сабап кеткен. Бұл туралы елордалық ару өз Faceboоk парақшасында жазды деп хабарлайды Newtimes.kz агенттігі.

Фото: Facebook/ xeniya.petrikanina
Фото: Facebook/ xeniya.petrikanina: Facebook

31 тамызға қараған түні таныстары қызды ағасымен бірге Запорожье ауылында соққыға жыққан. Ал жәбірленушілер дәйектерді көрсету үшін бірден полиция бөлімшесіне жол тартқан.

"Бас миының шайқалуы, екі қол мен аяқтың сынуы, сирақтың созылуы мен соғылуы, сол жақ сан, иық, дене аймағының гематомасы, сондай — ақ үлкен психологиялық жарақат", - деген Ксения алған жарақаттарын атап өтті.

Бойжеткен шабуыл жасаған азаматтарды таныды. 26 және 27 жастағы азаматтар оның мектептегі таныстары болып шықты. Күдіктілер өз кінәсін мойындады.

"Біз бірге оқыған мектептің дәлізінде көріп жүрген адамдар",- деді ару.

Сондай-ақ, Ксения шабуыл жасағандардың бірі Запорожье мектебінде педагог екенін атап өтті.

"Біздің қоғамымыздың зиялы қауым өкілдері арасында осы аморальдік әрекетке қалай жол беріледі?",- дейді ол.

Кейінірек, 1 қыркүйек күні белгісіз нөмір Ксенияның азаматтық некедегі жұбайына хабарласып, жақындарының өміріне қауіп төніп тұрғанын айтқан.

"Осымен үшінші түні ұйықтай алар емеспін. Эмоционалды-стрессті жағдайға түстім", -деп жазды бойжеткен.

Ксения қазір жоғарыда аталған фактілерді бекіту үшін арыздың уақыты мен күнін анықтауда.

"Шабуыл фактісі бойынша арыз 31 тамыз күні Жақсы ауданының ПБ-не, сондай — ақ 2 қыркүйек күні сағат 00:39-да қорлау және қорқыту фактісі бойынша Есіл ауданының Нұр-сұлтан ІІБ-неқабылданды", - деп атап өтті ол.

Басылым редакциясы ақпаратты растау үшін өңірлік полиция департаментіне жүгінген.

"Ұрып-соғу фактісі бойынша прокуратурамен келісім жүргізілуде. Ақпарат кейінірек беріледі. Алкоголь өнімінің таралуына байланысты тиісті тексеру жүргізілетін болады", - деп түсіндірген Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1814080-akmola-oblysynda-mektep-mgalimi-men-ony-sybajlasy-astanalyk-arudy-sabap-ketti/