Ауа райы: Еліміздің бес өңірінде -3 градусқа дейін үсік жүреді
Опубликовано:
Атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады. Кей жерлерде жаңбырмен бірге найзағай күтіледі. Тек еліміздің батысы, оңтүстігі және оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
![Ауа райы: Еліміздің бес өңірінде -3 градусқа дейін үсік жүреді Ауа райы: Еліміздің бес өңірінде -3 градусқа дейін үсік жүреді](https://cdn.nur.kz/images/1120/00c810a51a136af2.jpeg)
Кей жерлерде тұман, жел күшеюі күтіледі.
Батыс Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақтан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде найзағай, дауыл, тұман түседі, күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді.
Күндіз Қызылорда, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында жел 15-20 м/с күшейеді.
Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облылыстарында түнде минус 1-3 градусқа дейін үсік жүреді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1814151-aua-rajy-elimizdi-bes-irinde-3-graduska-dejin-sik-zredi/