Жамбыл мен Алматы облысының шекаралары өзгерді
Опубликовано:
Алматы облысының 1 мың гектардан астам жері Жамбыл облысына беріледі. Шекараны өзгерту туралы жарлыққа премьер-министр Асқар Мамин қол қойды. Құжат "Әділет" сайтында жарияланды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
![Көрнекі фото: pixabay.com Көрнекі фото: pixabay.com](https://cdn.nur.kz/images/1120/20e38acbb115619c.jpeg)
Құжатта облыстардың шекаралары өзгертіні хабарланған.
Нақтырақ айтқанда Алматы облысы Жамбыл ауданы жерлерінің бір бөлігі Жамбыл облысы Қордай ауданының құрамына енеді.
Аумақтың жалпы ауданы 1091,78 га құрайды.
Сондай-ақ, сайтта осы құжатқа қосымша жарияланды, онда бұдан былай Жамбыл облысының құрамына кіретін жерлердің толық тізімі берілген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1814348-zambyl-men-almaty-oblysyny-sekaralary-zgerdi/