jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

Атырауда "Адай" күйіне стриптиз билеген қыздар жұрттың қаһарына ұшырады (видео)

: Facebook

30 тамыздан 31 тамызға қараған түні Атыраудағы түнгі клубтардың бірінде жартылай жалаңаш қыздар "Адай" күйіне стриптиз билеген. Бұл туралы Facebook қолданушысы Шынарбек Қабиев өз парақшасында хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Клуб әкімшісі және бишілер. Фото: Видеодан кадрлар
Клуб әкімшісі және бишілер. Фото: Видеодан кадрлар: Facebook

Видеоны желіде бөліскен азамат клуб әкімшілігінен кешірім сұрауды талап етті.

"30-нан 31-ші тамызға қараған түні Атырау қаласында түнгі жын-ойнақ клубының реконструкциядан кейiн ашылуында "Адай" күйіне жартылай жалаңаш қыздар стриптиз билеп, қазақтың күйін ез қылып жатыр...
Клуб әкімшілігі, ұйымдастырушылары, диджей және қыздардан ресми кешірім сұрауын талап етеміз! Құрметті облыс басшылары. WhatsApp желісінде осы ақпарат тарап жатыр. Анықтап, шарасын алу керек деп ойлаймын. Қаншалықты рас екенін тексеру керек. Егер жағдай анықталып, рас болса, мейрамxана әкімшілігі ел алдында кешірім сұрауы керек", - деп жазды ол.

Аталған жазбадан кейін Атырау облысы әкімдігі мен клуб әкімшілігі болған жағдай үшін ресми түрде кешірім сұрады.

"Осы көтерілген мәселе бойынша Атырау облысы әкімшілігі Нұрлан Асқарұлы, оның ішінде ішкі саясат басқармасы басшысы Жасұлан Бисембиевке алғысымды білдіргім келеді. Араға 5 минут уақыт салмай, жағдайдың ақ-қарасын анықтап, дер кезінде шешімін алды. Мейрамxана әкімшілігі болған жағдайға өкініп, кешірім сұрады. Сын түзелмей, мін түзелмейді. Азаматтарға раxмет. Өзімізді өзіміз түземесек, сырттан келіп ешкім жаны ашымас", - деді Шынарбек Қабиев.

Ал желіде тараған видео жұртшылықтың ашуын келтірді.

"Не деген масқара", "Азғындық қой", "Жетпегені осы еді", "Аруақты сыйламағандары ғой", "Намыс қайда?" деп жазды олар.

Атырауда "Адай" күйіне стриптиз билеген қыздар жұрттың қаһарына ұшырады (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.