Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бәрі тыныш": Ішкі істер министрі Жаңаөзендегі жағдайға қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәжіліс кулуарында Жаңаөзен қаласы тұрғындарының Қазақстанда қытай зауыттарын ашуға байланысты алаңға шығуына қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Коллаж KAZ.NUR.KZ. Фото: Видеодан кадрлар және NUR.KZ
Коллаж KAZ.NUR.KZ. Фото: Видеодан кадрлар және NUR.KZ: Facebook

Ол Қазақстанда 55 қытай кәсіпорнының ашылуына қарсы болған бір топ адам алаңға шыққанын растады.

"Бүгінде бұл ақпарат жалған және ешқандай кәсіпорын ашылмайды", - дейді Тұрғымбаев.

Соған қарамастан, оның сөзінше, бұл ақпарат желіде желдей тарап жатыр.

"Бұл дұрыс емес ақпарат (оның таралуы-ред) заңсыз. Егер онда (Жаңаөзенде-ред) заңсыз митингілерге шақыру орын алса, ішкі істер органдары митингілердің жолын кеседі. Бүгінде қоғамдық тәртіпті бұзатын (заңбұзушылық-ред) жоқ, бәрі тыныш", - деп түсіндірді ІІМ басшысы.

Айта кетейік, 2 қыркүйек күні және кеше Жаңаөзен тұрғындары алаңға шығып, желіде тараған ақпаратқа, яғни, Қазақстанда 55 қытай зауыты ашылады деген мәліметке наразылық білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1814473-bri-tynys-iski-ister-ministri-zaazendegi-zagdajga-katysty-pikir-bildirdi/

pixel