jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

"Бәрі подкаблук дейді": Күйеуі қайын жұртына жақын келіншек елден көмек сұрады

: UGC

Күйеуі қайын жұртымен жақын араласатын келіншек көпшіліктен кеңес сұрады. Өмірлік серігінің туған ата-анасымен жақын араласпауын қалайтын әйел енесіне деген өкпесін де жеткізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Қайын жұртына деген өкпесімен келіншек astana_forum парақшасында бөліскен.

"Сәлеметсіздер ме оқырмандар! Мен осы жерде жазылған оқиғаларды оқып, үйленген соң көп адамдардың тағдыры ұқсас болатынын түсіндім. Мен бір үйдің жалғыз ұлына тұрмысқа шықтым.

Енем ұлына ешқашан ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін үйретпеген. Интернатта оқыған, жоғары білім алып бермеген, жолдасым өз еңбегімен колледжде ғана оқыған.

Үйленген соң жолдасым менің анам мен бауырларымды қатты жақын тартып кетті. Ең бастысы ол жайлы көпшілікке еркін, ұялмай айтады. Мені ұялтатыны сол, елдің бәрі оны "подкаблук" дейді.

Ол үшін де ұялмайды. Жолдасым өте салмақты көрінеді, ал мен ашық мінездімін. Сол себепті бәрі мені кінәләйды.

Ал мен оның анасынан алыстағанын қалаймын. Өкінішке орай анасынан ондай жауап ала алмаймыз.

Ол кісі медицина саласында жұмыс жасайды. Қолы босаса ішіп, көңіл көтеруді ойлайды. Бізге мүлдем көмектеспейді. Барынша түсінуге тырысамын, бірақ кейде шыдамым таусылады. "Әке-шешең жынды болса байлап бақ" деген. Сол себепті шыдауға тырысамын" , -деп әңгімесін бастаған келіншек.

Сонымен бірге, ол көпке "күйеуінің өзінің туыстарына жақын болғаны дұрыс па?" деген сауал қойған.

"Мені ойландыратын мәселе, күйеуімнің менің отбасыма жақын болғаны дұрыс па, дұрыс емес пе? Ол ешқашан отбасы жылуын көрмегенмін, үйленген соң отбасының не екенін сезіндім деп ашық айтады.

Мен оны дұрыс түсінсем де, айналадағы адамдар "подкаблучник" деп айтқаны жүрегімді ауыртады. Мен ешқашан оны төмен, өзімді жоғары санаған емеспін.

Ер адамның әркез жоғары тұратынын білемін, қазақи тәрбие мен үшін бірінші орында. Кеңестеріңізге алдын-ала рақмет!", - дейді кейіпкер.

Желі қолданушылары келіншекке әр түрлі кеңес берген.

Олардың бірі "Өз туыстарыңа жақын болғаны несі айып?", "Керісінше жақсы, сені де, туыстарыңды да сыйлайтын болады", "Ерсі ештеңе көріп тұрған жоқпын, ел айта береді, мән бермеңіз", - деген пікірлерін жаудырса, енді бірі "Дұрыс айтады, әркімнің өз жұрты өзіне, одан да өзінің анасына жақын болсын", "Қазіргі жігіттер солай, ұяттан безген", "Не айтарыңды да білмейді екенсің, бәлкім түсіндіріп көресіз", - деген сынды ойларын жазған.

"Бәрі подкаблук дейді": Күйеуі қайын жұртына жақын келіншек елден көмек сұрады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.