Хабиб Нурмагомедов екі күн ішінде алты келі салмақ тастау керек
Опубликовано:
UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов Дастин Порьемен жекпе-жегі алдындағы салмақ өлшеуге дейін екі күн ішінде алты келі салмақ тастау керек деп жазады eurosport.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
![Фото: fightmag.com.au Фото: fightmag.com.au](https://cdn.nur.kz/images/1120/15cf94ab2fd7c88c.jpeg)
Алайда, ресейлік спортшының командасы салмақ тастау үрдісі ойдағыдай келе жатқанын айтты.
"Хабиб кеше кешке 76 келіні көрсетті. Тағы төрт жаттығу бар. Олардың әрқайсысынан 1,5 келіден кетеді" , - деді 30 жастағы спортшының командасындағы анонимді дереккөз.
Айта кетейік, салмақ өлшеу осы жұмада, алтыншы қыркүйекте өтпек. Жеңіл салмақтағы спортшылардың салмағы 70 келіден аспау керек.
Хаиб пен Порье арасындағы жекпе-жек 7 қыркүйек күні "Әбу-Дәбиде" өтетін болады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1814552-habib-nurmagomedov-eki-kn-isinde-alty-keli-salmak-tastau-kerek/