Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанға Қырғызстан мен Арменияның қандай көліктерін кіргізуге болады?

Опубликовано:

Қазақстанға армян және қырғыз нөмірлерімен кіргізіліп жатқан көліктер шетелдік тауар болып саналып, оларға кедендік бақылау жүргізіледі деп жазады ҚМ мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: pixabay.com
Көрнекі сурет: pixabay.com: Twitter

МКК ақпаратынша, шетелдіктер Қазақстанға бір жылға ешқандай да төлемсіз үшінші мемлекеттен көлік кіргізе алады.

ЕАЭО құрамына кіретін мүше мемлекет азаматтарына да бір жылға шетелдік темір тұлпарларды әкелуге рұқсат берілген. Алайда, олар бұл әрекетті іске асыру үшін қаржылық кепілдікті төлеу керек.

Қазақстандықтар өз еліне Қырғызстанда 2014 жылдың бірінші қаңтарына дейін, Арменияда 2014 жылдың 10 қазанына дейін кедендік тексерістен өтіп үлгерген көліктерді өткізе алады. Дәл осындай көліктер шетелдік тауар саналып, кедендік бақылауда жүреді.

Оған қоса, ол көліктерді Қазақстанға уақытша мерзімге Армения мен Қырғызстанда тұратын азаматтар ғана кірігзуге құқылы.

Бұл екі мемлекетте үнемі тұрмайтындар жоғарыда келтірілген көліктерді біздің елге тек бірнеше жағдайда ғана кіргізе алады:

  • Кедендік баж төлемін, оның сомасының айырмашылығы көлеміндегі салықтарды, 2017 жылдың 20 желтоқсанындағы ЕЭК кеңес шешіміндегі екінші қосымшада көрсетілген ставка төлеміне тиесілі салықтарды төлеген соң ғана іске асырылады;
  • Армениядан әкелінген көлік үшін - 2023 жылдың бірінші қаңтарынан кейін;
  • Қырғызстаннан әкелінген көлік үшін - 2025 жылдың бірінші қаңтарынан кейін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1814564-kazakstanga-kyrgyzstan-men-armeniany-kandaj-klikterin-kirgizuge-bolady/

pixel