Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Хабар" телеарнасына жаңа директор тағайындалды

Опубликовано:

Динара Бисембина "Хабар" телеарнасының директоры болып тағайындалды деп хабарлайды Хабар агенттігінің ресми сайты.

Динара Бисембина. Фото: "Хабар" арнасы
Динара Бисембина. Фото: "Хабар" арнасы: UGC

Динара Бисембина Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін тәмамдаған. Мамандығы – журналист.

Ол кәсіби мансабын Нұр-Сұлтан қаласындағы "Литер" басылымының тілшісі ретінде бастаған.

2015-2017 жылдар аралығында "Хабар" агенттігінде қызмет еткен.

2017 жылдан бастап бүгінге дейін Қызылорда облысы әкімінің БАҚ және қоғаммен байланыс мәселелері бойынша кеңесшісі қызметін атқарған.

Еске сала кетейік, бұған дейін "Хабар" Агенттігі" АҚ Басқарма төрағасы қызметіне Ерлан Бекхожиннің тағайындалғаны хабарланған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1814576-habar-telearnasyna-zaa-direktor-tagajyndaldy/

pixel