Алматы немесе Алма-ата: Тұрғындар шаһар атауына қатысты таңдау жасады
Опубликовано:
Кезінде министр, президенттің кеңесшісі, депутат, елші қызметтерін атқарған Ермұхамет Ертісбаев Алматыны "Алма-Ата" деп атауға ұсыныс жасады. Осыған байланысты KAZ.NUR.KZ порталы арнайы сауалнама жүргізіп, қазақстандықтардың пікірін біліп көрді.

Дауыс беру бір аптаға жуық уақытқа жалғасты.
Сауалнамаға 1400-ге жуық адам қатысқаны белгілі болды.
Олардың 872-сі "Алматы" атауын қолдайтынын білдірсе, 332 оқырман "Алма-Ата" үшін дауыс берді.
Ал 72 адам "Маған бәрібір" батырмасын басып, оңтүстік астананың атауына алаңдамайтын білдірді.



Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1814659-almaty-nemese-alma-ata-trgyndar-saar-atauyna-katysty-tadau-zasady/