Қасымбек отандық және шетелдік жұмысшылар жалақысы жөнінде жауап берді
Жарияланған күні:
Премьер-министрдің орынбасары Жеңіс Қасымбек үкіметтің баспасөз конференциясында отандық және шетелдік жұмысшылардың жалақыларындағы айырмашылық неде екенін айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Шынында да біз бірнеше жайттың куәсі болдық. Жазда бұл мәселе белсенді көтерілді. Мәселе бар және бұл тек Қытайға немесе Түркияға қатысты емес.
Бүгінгі күні мұндай жағдайдың себебі, көбінесе жергілікті кадрлардың арасында білікті мамандардың жетіспеуінен болып отыр.
Осы себепті, біздің 55 жоба бойынша ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының бірі - құрылыспен қатар, қазақстандық және қытайлық инвесторлар осы кәсіпорындарда жұмыс істейтін болашақ мамандарды даярлауға міндетті", - деді Қасымбек.
Ол президенттің тапсырмасымен үкімет бұл мәселені қарастырып жатқанын және оның (жалақы - ред.) сәйкестендірілетініне уәде берді.
"Біз осы кәсіпорындардағы жұмыскерлеріміздің біліктілігі мен білімін арттыруымыз керек. Екіншіден, біз сәйкестікті қамтамасыз етуіміз керек, егер осындай жұмыстарды қазақстандық, шетелдік азамат атқарса, онда сәйкес жалақы болуы керек. Құқық қорғау органдары да осы мәселелермен айналысуда", - деді ол.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1814688-kasymbek-otandyk-zne-seteldik-zmyssylar-zalakysy-zninde-zauap-berdi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.