Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жеңіс Қасымбек Қазақстанға "Қытайдан төнген қауіпті" жоққа шығарды

Опубликовано:

Премьер-министрдің орынбасары Жеңіс Қасымбек үкімет кулуарында Қытаймен бірлесе жүзеге асып жатқан жобалар туралы айта келіп, желіде тараған бейресми ақпараттың жалған екенін мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі: UGC

Қасымбек мұндай жағдайдың туындауына Үкіметтің толық көлемде ақпарат бермеуі немесе оны күрделі форматта жеткізгені себепкер болуы мүмкін деп болжады.

"Бүгінде 15 жоба жүзеге асты, жыл соңына дейін тағы бес жоба жүзеге асады. Неге Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 27 жоба беріп отыр, себебі 27 жоба олардың қызмет саласына жатады. Бұл: машина жасау, өндіріс және көлік.

АӨК, өсімдік майын өндіру, рапс, соя, астықты терең өңдеу, глютен өндіру немесе етті қайта өңдеу саласында және ұн экспортына қатысты жобалар бар. Бұл ауыл шаруашылығы министрлігі бойынша жобалар пулы.

Мен Энергетика министрлігі бойынша, әсіресе, жаңартылатын энергия көздері бойынша жобалардың үлкен пул екенін айттым. Жалпы пул – 55 жоба.

Бұл үшін СІМ Инвестиция комитеті жауап береді. Сондықтан СІМ осы жобалар бойынша толық ақпарат беруі тиіс", - деді Қасымбек.

Сонымен қатар, ол әрбір жоба бойынша шенеуніктер біздің азаматтар мен бизнестің құқықтарын қорғауға тырысатынын атап өтті.

"Біз жұмыс орындары Қазақстан азаматтары үшін құрылатынын айтып жатырмыз. Бұл жұмыстың барлығын дәл осы Қазақстан азаматтарын жұмыспен қамтамасыз ету үшін атқарудамыз.

Олардың барлығы (инвесторлар - ред) жалпы негізде жүргізіледі. Ондаған (жобалары-ред) бар. Жыл сайын бұл тізім (жобалардың-ред) жаңарып отырады. Бізді технология, қаржыландыру талаптары немесе басқа да тұстары қанағаттандырмаса, (қабылдамаймыз-ред).

Жобалар өзгеріп отырады, олардың саны бірде артады, бірде азаяды",- деді вице-министр.

Ол ресми порталда осы жобалар туралы, оның ішінде іске асыру кезеңдері, іске асыру мақсаттары, құрылатын жұмыс орындарының көлемі, тіпті мамандықтарға дейін, азаматтардың алдын ала дайындалуға мүмкіндігі болуы үшін қандай мамандықтар қажет екендігі туралы ақпаратты жариялау қажеттігін мойындады.

Ол Қазақстан-Қытай арасындағы серіктестік туралы әңгіме мемлекет басшысының Қытайға сапарының алдында туындағанын оғаш деп атады.

"Сапардың алдында бұл ақпарат желілерде пайда болып, белгілі бір топтармен жандандырылғаны келеңсіздік туғызды. Қорытынды жасай алмаймын, бұл басқа органдардың құзіреті, бірақ бұл мемлекет басшысының Қытайға сапары қарсаңында орын алып отырғандығы оғаш көрінеді, сондықтан біз бүгін жұртшылыққа бұл жобалар қажет екендігі түсінікті болуы үшін түсініктеме беруді шештік, олар желілерде айтылғандай қауіп төндірмейді. Шынына келгенде, желілерде жарияланып жатқан сұрақтардың еш негізі жоқ, дөрекі түрде айтқанда, барып тұрған өтірік",- деп түсіндірді Қасымбек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1814698-zeis-kasymbek-kazakstanga-kytajdan-tngen-kauipti-zokka-sygardy/

pixel