Астанада газ баллонынан уланған тоғыз оқушы ауруханаға түсті
Опубликовано:
Елордадағы мектептердің бірінде тоғыз оқушы газдан уланып, ауруханаға түсті деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасаған ҚазАқпарат.

"2019 жылдың 5 қыркүйегінде сағат 17:01-де "103" пультіне Иманбаева, 4 мекенжайында орналасқан №54 орта мектептен "Уландырғыш заттан зардап шегу" дерегі бойынша хабар келіп түсті. Мектеп директорының айтуынша, мектеп оқушыларына сынып ішінде газ баллоны шашылған. Сағат 17:14-те жедел жәрдем қызметінің 3 бригадасы мектепке жетті", - делінген басқарма хабарламасында.
Оқиғадан 5-сыныпта оқитын 8 бала зардап шеккен. Жедел жәрдем оларды №2 қалалық ауруханаға жеткізген.
"Тексеруде 9 баланың жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланды. Олардан жөтел, бас айналу, көзден жас ағу, әлсіздік белгілері байқалған. Барлық балалар маман тексеруінен өтіп, сараптамаға қан тапсырды. Қазіргі уақытта балалар №2 қалалық аурухананың қабылдау-диагностикалық бөлімінің жіті бақылауында", - деп хабарлады қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1814836-astanada-gaz-ballonynan-ulangan-togyz-okusy-auruhanaga-tsti/