Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тұрсынов: Шенеуніктер Димаш пен Ержан Максимнің жетістігін "өзіміздікі" деп санайды

Опубликовано:

Белгілі режиссер Ермек Тұрсынов қазақстандық шенеуніктер Димаш Құдайберген мен Максим Ержан сияқты жұлдыздардың жетістікке жетуіне өздерінің қатысы бар деп ойлайтынын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ермек Тұрсынов. Фото: kazakhfilmstudios.kz
Ермек Тұрсынов. Фото: kazakhfilmstudios.kz: Twitter
"Мәдениетке деген көзқарасты түбегейлі өзгертуіміз керек. МСМ - министрліктер арасындағы маңыздысы болып, оны спорттан бөлу керек. Оның жұмысын қайта қарау қажет - МСМ жанынан құрамына кәсіби мамандар енетін мәдени саясат жөніндегі кеңес құрылуы керек.
Бүгінгі біздің мәдени жетістіктеріміз кездейсоқ әрі бірретік. Димаш немесе Ержан Максим бір жерде жеңіске жетеді - содан кейін шенеуніктер жапсарласып, оны өздерінің жетістігі деп санайды. Бұл Димаштың немесе Тимур Бекмамбетовтың жетістігі, оларды Отанында мойындамаған соң, өздерін шетелде дәлелдеуге мәжбүр", - деді Тұрсынов.

Оның айтуынша, бұрын әр ауылда клубтар мен кітапханалар болған. Ал, бүгінде адамдар өздерін таба алмағандықтан, шиеленіскен атмосфера қалыптасып, өздеріне қол жұмсайды.

Режиссер адамдарды кітаптарға, театрлар мен филармонияға оралуға шақырды.

Сонымен бірге, тек телехикаялар мен төбелесті көрсететін отандық телеарналардың мәселесін қайта қарауға шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1815013-trsynov-seneunikter-dimas-pen-erzan-maksimni-zetistigin-zimizdiki-dep-sanajdy/

pixel