Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жыныстық қатынасқа итермеледі": Қарағанды облысында баланың ұрлану себебі анықталуда

Жарияланған күні:

Қарағанды облысында дүкеннің жанында тұрған танысының қолынан оның үш жастағы баласын жұлып алып, қашып кеткен ер адамның бұрын кісі өлімі үшін сотты болғаны анықталды. Полиция оны үшінші күн іздестіруде деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Баланың анасының әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды
Фото: Баланың анасының әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды: UGC
"Биыл ол жақсы іс-әрекеті үшін мерзімінен бұрын босатылды. Ол әйел адамды жыныстық жақындыққа итермелеген, алайда бетін қайтарғаны үшін ызаланып, баланы ұрлап кетті", - дейді ананың туысқаны.

Сонымен қатар, баланың анасының әлеуметтік желідегі соңғы посттарының бірі "нүкте қою керек" деген бір сөйлемнен тұрды.

Бұл жазбаның астында тек екі пікір жазып қалдырылды, оның біреуін баланы ұрлаған күдікті ер адам қалдырды. Ол "сүйіктім" деп жазып кетті.

Ал жуырда ол өз парақшасына "Оларға гүл мен қамқорлық, тіпті, күйеу де қажет емес. Оларға тек ердің мүшесі керек, әрі мықты болу тиіс" деп жазды. (орфография және автордың пунктуациясы сақталған).

Полиция қызметкерлері Қарағанды облысының Шет ауданындағы кентті және көрші елді мекенді тексеріп жатыр.

Әйел адам, әлеуметтік желілерде баласының суреттерін жариялап, халықтан қол ұшын созуды сұрады.

Күдікті 3 жасар баланы ұрлаған кезде қара спорт костюмін, керзі етік пен қоңыр күртешеге киген. Баланың үстінде джинсы күртешеге, жасыл-ақ суреті бар қара трико болған.

Естеріңізге сала кетейік, 5 қыркүйекте ер адам дүкеннің жанында тұрған 22 жастағы танысының үш жастағы ұлын қолынан жұлып әкеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1815105-zynystyk-katynaska-itermeledi-karagandy-oblysynda-balany-rlanu-sebebi-anyktaluda/