Атамбаевтың қызының ұятты суреттері қырғыз жұртының ашуын шақырды
Жарияланған күні:
Ұсталған экс-президент Алмазбек Атамбаевтың қызы Алия Шагиеваның суреттері әлеуметтік желідегі қырғызстандықтар арасында қызу талқыға түсті деп хабарлайды vesti.kg-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ. Алғашқы дереккөздегі жазба кейіннен өшірілді.
Басылымның ақпаратынша, экс-президенттің қызына ұқсайтын бойжеткен бейнеленген сексуалды бағыттағы суреттер әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен.
Желі қолданушылардың пікірі екіге бөлінді. Бірі наразылығын білдірсе, енді бірі видеоны монтаж деп таныды. Арасында қыздың есірткі қабылдап алғанын да айтқандар болды.
Өзге пікір білдірушілер аруды жақтап шықты. Олар басқаларға қыздың жеке өміріне араласпауды сұрады.
Қырғызстандықтар бұл жөнінде былай пікір жазды:
"Алия Шагиева сен бұл айды қызықты еттің)))", - деп қуанды желі қолданушыларының бірі.
"Қырғызстан президентінің қызы Алия Шагиева вебкам сәнқойы болып шықты. Айтарым осы", - деп пікір қалдырды оқырман.
"Алия Шагиева секілді батыл, жан-жақты адам болғым келеді. Барлық бой жетіп келе жатқан қыздарымыз үшін үлгі", - деп әзілдеді тағы біреуі.
"Маған Шагиева ұнамайды, оның әкесіне деген ойым да бәріне мәлім. Бірақ қашаннан бері белсенді сексуалды өмір масқара болып есетелетін болған? Сіздердің қандай мәселелеріңіз бар?", - деді арулардың бірі.
"Ғаламды тоқтатыңыз, Шагиаева одан кетсін!", - Facebook-тегі жазба осындай атаумен шықты.
Жазбаның астана көпшілік жеке өмірге қол сұғудың қаншалықты дұрыс емес екенін жарыса жазды.
"Олай істеуге болмайды. Басқа біреудің жеке өмірін көпшілікке жаю, араласу - лас әрекет", "Автор - бұл оның жеке шаруасы. Кейбір "тақуа" әйелдер өздерін солай көрсетіп, ішінен білгенін істеп жүргендеріне сенімдімін. Ал ол өзінің қандай екенін жасырмайды", "Адамдардың кімде не болып жатқанында не шаруасы бар? Менің телефоныма кірсең, біраз нәрсе көресің", - деп жазды олар.
Алия Шагиева туралы не білеміз?
Бұған дейін экс-президенттің 22 жастағы қызының оны басқалардан бөлектемеуі үшін бала күнінен анасының тегін алып жүргені хабарланған.
Үш жыл бұрын бойжеткен Константин Рязанов есімді қарапайым орыс программисіне тұрмысқа шыққаны белгілі болды.
Бұл жаңалық қоғамда дау тудырған. Екі баласы бар отбасы Бішкекте тұрады.
Lenta.ru басылымының мәліметінше, Алияны посткеңестік көшбасшының қарапайым қызы деуге келмес. Ол ешқашан сауық кештерінен көрінген емес. Оның үстіне бойжеткеннің мүлкі туралы да еш ақпарат жоқ.
Атамбаевтың қызы жарымен бірге саяхаттағанды ұнатады. Алия тең құқық пен фиминизм туралы, отбаслық өмір мен шығармашылық жайлы жеке блогын жүргізеді.
Әлеуметтік желілерге Шагиева өзі салған суреттерін жиі жүктейді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1815268-atambaevty-kyzyny-atty-suretteri-kyrgyz-zrtyny-asuyn-sakyrdy/