Қарағанды облысында адам өлтірген қылмыскерді неге мерзімінен бұрын босатқан?
Жарияланған күні:
Қарағанды облысының қылмыстық-атқару жүйесі департаменті басшысының орынбасары Ғазиз Такешев баланың өліміне күдікті жігіт неге мерзімінен бұрын босатылғанын түсіндірді. Колония әкімшілігі оны теріс сипаттап және оның босатылуына қарсы болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Сопыжанов Игентай Кәрімұлы қайтыс болған баланың анасының тәтесі Смирнова Валентинаны өлтіргені үшін 2014 жылы сотталған. Сот үкімі жаңа Қылмыстық кодекске сәйкес келтірілді.
Қостанай облысы Әулиекөл аудандық сотының шешімімен Қылмыстық кодекстің 6-бабына сәйкес және сотталушының өтініші бойынша жаза 9 жылдан 6 жылға 8 айға қысқартылды.
Қылмыстық кодекстің 87-бабына сәйкес кәмелетке толмаған сотталушы аса ауыр қылмысы үшін жазасының кемінде жартысын өтеген кезде сотқа жүгінуге құқылы", - деп түсіндірді полковник Тәкешев.
Полковник сотталушы өз құқығын пайдаланып, сотқа жазаның өтелмеген бөлігін бас бостандығын шектеу түріндегі жазаның неғұрлым жеңіл түрімен ауыстыру туралы өтініш бергенін атап өтті.
"Әулиекөл аудандық сотының шешімімен Сопыжанов жазасын бас бостандығын шектеу түрінде 2 жыл 1 тәулікке ауыстырумен босатылды. Нәтижесінде, ол осы жылдың сегізінші ақпанында босатылды", - деді полковник.
"Осы ретте Сопыжанов жазасын өтеп жатқан мекеме әкімшілігі оны теріс сипаттады, өйткені жазасын өтеп жатқан уақытында ол 5 рет жазаға тартылып, екінші теріс дәреже алды. Шығаруға берілген ұсыныстың орынсыз екендігі ескертілді", -деді Ғазиз Тәкешев.
Оған жұмысқа орналасуға көмектескен, алайда ол жұмыста ұзақ тұрақтамаған екен.
"Оны өз еркімен жұмыстан шығып кеткен "Қарағанды-Құс" ЖШС-не слесарь-механик ретінде жұмысқа орналастырған. Сотталған Сопыжановтың екінші қылмыстық құқық бұзушылық жасау фактісі бойынша қызметтік тергеу жүргізілуде. Кінәлілер тәртіптік жауапкершілікке тартылады", - деді полковник.
Естеріңізге салсақ, сәби 5 қыркүйекте ұрланып, денесі 8-қыркүйекте табылған соң, нақты өлген күнін анықтау үшін мәйітке сараптама тағайындалды.
Үш жасар баланың ұрлануы мен өліміне байланысты өткен шұғыл брифингте Қарағанды облысы полиция департаментінің бастығы қылмысқа күдікті азаматқа республикалық іздеу жарияланғанын айтқан еді.
Бүгін түнде полиция күдіктіні құрықтаған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1815295-karagandy-oblysnyda-adam-ltirgen-kylmyskerdi-nege-merziminen-bryn-bosatkan/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.