jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Мемлекет қарызын өтеп бергендерге қайта несие беріле ме?

: Facebook

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Олег Смоляков мемлекет тарапынан несиелері өтелген адамдардың тағы да несие алуға мүмкіндіктері бар екенін мәлімдеді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Көрнекі сурет: pixabay.com
Көрнекі сурет: pixabay.com: Facebook

Олег Смоляковтың айтуынша, акция аясында азаматтың несиесі мемлекет тарапынан өтелсе де, оның кредит тарихы бұзылмайды.

"Әрине, әрбір адам кредит тарихын өзі бақылап отыруы тиіс. Қарыздың өтеу мерзімін өткізбеуі, қарызын өндіріп алуға дейін жеткізбеуі керек. Осындайда кредит тарихы бұзылмайды. Ал мемлекет тарапынан несиені өтеу шарасы оған кері әсерін тигізбейді. 300 мың теңге кешіріледі, болды және алдағы уақытта тағы кредит алуға кедергі болмайды", – деді ол журналистерге берген сұхбатында.

Ұлттық банк төрағасының орынбасары хабарлағандай, кредит тарихында 300 мың теңгенің мемлекет тарапынан өтелгені көрініп тұрады. Банктер де оны біледі. Бірақ тағы кредит алуға тыйым салынбайды.

"Бұл жерде "қара тізім" туралы әңгіме қозғамай-ақ қояйық. Себебі президент жарлығы аясында үшінші тарап кредитті өтеп беріп отыр. Сондықтан ондай шара алдағы уақытта несие алуға кедергі келтірмейді", – деп түсіндірді ол.

Айта кетейік, президент жарлығына сәйкес, кредиттің 300 мың теңгесі мен оған жазылған өсімпұлдарды кешірудің нақты талаптары бар. Қарыздың жалпы сомасы 3 миллионнан аспауы тиіс. Ал қарызы кешірілетін азаматтардың қатарына көпбалалы отбасылар, мүгедек баласы бар отбасылар, асырушысынан айырылғандар және атаулы әлеуметтік көмекті алатындар кіреді.

Бүгінде несиесі кешірілетін адамдардың тізімі электронды үкімет порталында бар. Сол жерде электронды-цифрлық қолтаңба арқылы кез келген адам тізімде бар-жоғын тексере алады.

Сондай-ақ, "111" байланыс орталығына хабарласып, қажетті ақыл-кеңес алуға мүмкіндік бар.

Мемлекет қарызын өтеп бергендерге қайта несие беріле ме?

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.