Күні бойы жауған жаңбыр Алматыны тағы да Венецияға айналдырды (фото, видео)
Опубликовано:
Алматыда 9 қыркүйек күні түнде басталған жаңбыр әлі де толастар емес. Жауын салдарынан көшелер мен жаяу жүргіншілер жолдары су астында қалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Әдеттегідей оңтүстік астанада нөсерлі жаңбырдан арықтар суға толып, көшелер мен жаяу жүргіншілер жолын су басуда.


Каланың кейбір көшелерінде жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары қосымша қиындықтар туғызуда. Ондағы қазылған жерлерде топырақ сумен араласып, лай болуына байланысты көшеден өту аса қиынға соғуда.

Сондай-ақ Алматының төтенше жағдайлар департаменті 10-11 қыркүйек аралығында нөсерлі жаңбыр салдарынан өзен арналарында су деңгейінің көтерілуі күтілетінін ескертті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1815425-kni-bojy-zaugan-zabyr-almatyny-tagy-da-veneciaga-ajnaldyrdy-foto-video/