"Кредит алды": Күйеуінің құмар ойынға әуес екенін айтқан әйел мұңын шақты
Опубликовано:
Әлеуметтік желіде әйел адам жарының құмар ойынға әуес екенін айтып мұңын шақты. Ол күйеуінің карта үшін бірнеше кредит алғанын ашып айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы келіншек Instagram-дағы ushbu_hat тобында жазды.
Ол күйеуінің құмар ойындар ойнайтынын, айлығына дейін соған салып жіберетінін ашып айтты.
Әйел адамның сөзінше, күйеуі бірнеше мәрте кредит алған.
"Енді тағы кредит алғанын білдім. Ол кредиттен алған ақшаны үйге алып келмейді. Бәрін жоқ қылады. "Бір бизнес бастаймын, соған алдым" деген соң сеніп едім. Ол бизнесі ойын автоматтары екенін білдім", - деді ол.
Келіншек күйеуі бұл әрекеті заңсыз екенін білсе де, ойындағы бизнесін бастауға талпынып жүргенін жасырмады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1815632-kredit-aldy-kjeuini-kmar-ojynga-ues-ekenin-ajtkan-jel-myn-sakty/