Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Құдайдың сүйген құлы болсын": Танымал тележүргізуші ұлды болды

Опубликовано:

31 арнадағы "Информбюро" жаңалықтар қызметінің жүргізушісі Ерқанат Көпжасарұлы әке атанды. Журналистің әулетіне шекесі торсықтай ұл келді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қуанышты хабарды журналистің бұрынғы әріптесі Мақсат Толықбай Instagram желісіндегі парақшасында жеткізді.

"Атұстарыңның дүниеге келуімен, бауы берік болсын, досым! Құдайдың сүйген құлы, халқының сүйген ұлы болсын", - деді ол.

Ерқанаттың туған інісі Қосқанат та жеке парақшасында анасының құттықтаудан қолы босамай жатқанын жеткізді.

"Аллаға сансыз шүкір! Анамыз немерелі болып, құттықтаудан қолы босамай жатыр. Ерқанат Көпжасар батырдың бауы берік болсын", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1815829-kdajdy-sjgen-kly-bolsyn-tanymal-telezrgizusi-ldy-boldy/

pixel