Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда оқушының мектеп терезесінен не үшін секіргені белгілі болды

Опубликовано:

Алматыда мектеп терезесінен құлап кеткен оқушыға қатысты мән-жайды қалалық білім басқармасының басшысы Гүлнәр Қожабергенова айтып берді деп хабарлайды Қазақпарат.

Көрнекі фото: pixabay
Көрнекі фото: pixabay: Instagram

Қожабергенованың сөзінше, келеңсіз жағдай 10 қыркүйек күні болған.

"Бұл оқыс оқиға кеше болды. Біз тексеру жұмыстарын жүргіздік. Бұл жерде сабақ өткізіп жатқан мұғалім кінәлі. Қазақ тілі сабағы екі топқа бөлініп оқытылады. Сабақ аяқталған соң мұғалім, оқушыларды сынып жетекшісіне тапсыруға міндетті.
Мұғалім сыныптан шығарда балаларды санамаған. Бала партаның астына тығылып қалыпты. Мұғалім сыныпты сыртынан жауып шығып кеткен. Ал сыныпта жалғыз қалған бала қорқып, терезеден секірген", - дейді Гүлнәр Қожабергенова.

Қалалық білім басқармасының басшысы, бұл оқиғадан соң мектеп директорына сөгіс жарияланғанын да айта кетті.

"Бұл мәселе біздің бақылауымызда болады. Ата-аналар балаларын бізге сеніп тапсырады. Бала мектепте болғанда, оның қауіпсіздігіне мектеп жауап береді. Бүгін мен мектеп директорына сөгіс жарияладым. Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, директордың бірінші функционалды міндеті", - дейді басқарма басшысы.

Өз кезегінде, мектеп директоры сынып жетекшісі мен қазақ тілі пәнінің мұғаліміне сөгіс берген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1815936-almatyda-mektep-terezesinen-sekirgen-okusyga-katysty-okigany-mn-zajy-belgili-boldy/

pixel