Әйел адам ажырасқан келіншектерді "жүргіш, жеңілтек" деп сөгетіндерге жауап берді
Жарияланған күні:
Бұрынғы күйеуімен төрт жыл кездесіп, үйленіп, кейін ажырсып кеткен келіншек көпке жан сырын ақтарды. Ол көпшілік көп жағдайда "ажырасқан" әйел адамдарды жеңіл жүрісті келіншек деп қабылдайтынын, мұндай пікірмен келіспейтінін айтады. Бұл туралы Instagram-дағы astana_forum парақшасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ жазады.
"Сәлеметсіздер ме, сіздерден көптеген оқиғаларды оқимын. Алайда өткенде бір келіншектің хатын оқып, қатты ойландым. Келіншек өзінің ажырасқанын, екі қызы бар екенін айтқан. Мен де ажырасқанмын.
4 жыл кездесіп, кейін үйлендік. Аяғым ауыр кезде, денсаулығым сыр беріп, ашуға булығуды таптым. Сол кезде ол менің мінезімнің өзгеріп кеткенін айтты. Сөйтіп көпке ұзамай ажырастық.
Сотта менің аяғым ауыр екенін айтпадым. Мерзімімнен ерте босанып, балам үш ай бойы аппараттың астында жатты. Қазір сол сәбиім өсті, бәрі жақсы. Ипотекаға пәтер алып, ұлыма деп тағы бір пәтерге қамданып жатырмын. Алиментке де өтініш бермедім", - деп әңгімесін бастаған келіншек.
Ол мемлекеттен де, баласының әкесінен де еш көмек сұрамайтынын жеткізген.
"Аллаға шүкір, ірі компаниялар да жұмыс істегенмін, білімім де, тәжірибем де жетерлік. Айтайын дегенім, мен тағы бір ер адаммен кездесуге құмар емеспін. Себебі ұлыма "анаң жүргіш, жеңілтек" деп айтып, бетіне басқанын қаламаймын.
Осылай оған жақсы тәрбие беремін деген ойдамын... Былайша айтқанда біреудің ашынасы немесе тоқалы болғым келмейді. Баламның әкесі өмірімдегі жалғыз ер адам болды. Бақытты әйел болмасам да, бақытты ана атанғым келеді...
Сондықтан ажырасқан келіншектерді "жүргіш, жеңілтек" деп сөкпеңіздер. Бес саусақ бірдей емес. Бар мақсатым балама жақсы білім беріп, оны баршылықта өсірсем деймін. Айтарым осы, барлықтарыңызға тек сәттілік тілеймін", - дейді келіншек.
Желі қолданушылары болса әйел адамға өмірін өзгертуге кеңес берген. Олар:
"Мүмкін өз адамыңыз кездесіп, бақытты болып кетесіз", "Балаңыз үйленіп, жеке кетеді, жалғыз қаласыз, өзіңіз үшін өмір сүріңіз", "Сіз де бақытқа лайықсыз, бәрі жақсы болады, уайымға салынбаңыз" деген пікірлерін жаудырып жатыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1816397-lyny-bolasagyn-ojlagan-kelinsek-azyraskandardy-zrgis-zeiltek-dep-sgetinderge-zauap-berdi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.