Ақсеңгір-Шамалғандағы жантүршігерлік апат қалай болғанын ҚТЖ мәлімдеді
Жарияланған күні:
15 қыркүйек күні кешкі уақытта Ақсеңгір-Шамалған стансасында автобус пен пойыздың соқтығысуы салдарынан болған жантүршігерлік апат бойынша арнайы комиссия құрылды деп хабарлайды "ҚТЖ" ҰҚ" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
«Автобус жүргізушісі жол учаскесінің бос екендігіне сенімді болмай, өткелге шығып алған және үлкен кептеліс туындағандықтан, өткелде тоқтап қалған.
№ 43 жолаушылар пойызы жақындаған кезде өткелдің сигнализация құралдары автоматты түрде іске қосылды - дыбыстық сигнал ойнап, бағдаршамның қызыл түсі жанған, автокөлік өткелде болғандықтан шлагбаум соңына дейін түспеген.
Өткел кезекшісі жолаушылар пойызын тоқтату үшін тосқауыл бағдаршамын іске қосу бойынша барлық шараларды қабылдаған.
№43 жолаушылар пойызының машинисі шұғыл тежеуді қолданды, бірақ аз қашықтықтан соқтығысудың алдын ала алмады.
Соқтығысу салдарынан автобус жол жиегіне шығып кетті. Бірақ, KZ4AC-0010 электровозына рельстен шығып кетпесе де зақым келген.
№43 пойыз электровозды ауыстырғаннан кейін 01 сағат 38 минутқа кешігіп жолға шықты, пойыз жолаушылары арасында зардап шеккендер жоқ», - деп атап өтті ҚТЖ.
Айта кетейік, күні кеше Шамалған бекетінде пойыз бен автобус соқтығысып қалды.
Алдын ала ақпарат бойынша, жол апатынан екі адам көз жұмып, тоғыз адам зардап шеккені хабарланған еді. Алайда, ресми ақпарат бойынша тек автобус жүргізушісінің қаза тапқаны белгілі болды.
Тоқаев марқұмның жанұясына көңіл айтты.
Бас көлік прокуратурасы тергеу барысын бақылауға алды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1816682-aksegir-samalgandagy-zantrsigerlik-apat-kalaj-bolganyn-ktz-mlimdedi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.