Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нумеролог Нүсіпжанов пен Жадыра Сейдештің некесіне қатысты өз ойын айтты

Опубликовано:

82 жастағы әнші Нұрғали Нүсіпжанов пен өзінен 45 жас кіші жұбайы Жадыра Сейдештің үйлену тойы қоғамның қызу талқысына түскен еді. Көптің назарына іліккен некеге қатысты танымал нумеролог та өз болжамын жасады деп хабарлайды НТК арнасындағы Ревю бағдарламасы.

Видеодан кадр
Видеодан кадр: Facebook

Нумеролог маман Айсұлу Ахимова сандар арқылы болжам жасап, қос жұпты есеппен үйленген болуы мүмкін дейді.

"Бұл некенің астарында не бар? Бір жағынан ақылмен, екінші жағынан есеппен қосылған жұп. Екеуіне де қуат алатын адам қажет болған сыңайлы. Жалпы, өмірде адамдар энергия арқылы қосылады ғой. Ал бұл жағдайда екі жақтан да есеп бар", - деді маман.

Айсұлу Ахимова жұптардың арасындағы жас ерекшелігіне қатты таңғалғанын да жасырмады. Сондай-ақ, ол Жадыра Сейдештің екінші рет тұрмыс құруы мүмкін екенін айтты.

"Жадыра екінші мәрте тұрмыс құруы әбден мүмкін. Ал бұл жұптың сәби сүйгісі келеді деген қауесетке байланысты айтарым, білмеймін енді. Сандарға қарап күмәнданып отырмын", - дейді ол.

Сандарды сөйлетіп, кез келген жанның тағдырын нумерология арқылы көретін маман сөзі де, ісі де ширақ Нұрғали ағамыз әлі де ұзақ жасайтынына сенімді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1816952-numerolog-nsipzanov-pen-zadyra-sejdesti-nekesine-katysty-z-bolzamyn-zasady/

pixel