Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Адамның көзі не үшін тартады?

Опубликовано:

Көзіңіз тартуын әркім әрқалай түсінеді. Ырымға сүйеніп, не қуанамын, не мұңаямын деп топшылайтындар көп. Алайда, көздің тартуы - сіздің жүйке жүйеңіздің тозғандығынан болуы мүмкін деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Facebook

"Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар" дегендей шектен тыс, шындыққа жанаспайтын ырым-тыйымдар да кездесеі.

Мәселен оған "оң көзің тартса қуанасың, сол көзің тарса мұңаясың, қара мысық алдыңнан өтсе жолың болмайды" сияқты ырымдар жатады.

Көпшілігіміз шын мәнісінде көздің не үшін тартатынын біле бермейміз. Segodnya.ua басылымына сүйенсек, егер сіздің жүйкеңіз шаршаса көзіңіз тартады. Ал жүйке жүйеңізге артық күш түсірудің арты стресске әкеп соғады.

Жағымсыз әсерден арылғыңыз келсе, ойыңызды тазалап, өкпе-реніш, дау-дамайдан аулақ болыңыз.

Сонымен қатар, ағзаңыз шаршаса да қабақ тартылуына тап боласыз. Дұрысы, ағзаны демалдыру қажет, уақытылы ұйқы, уақытылы тамақтану, басқа органдардың қызметіне зиян келтірмеу керек.

Тағы бір себебі, көзіңіздің шаршауынан болуы мүмкін. Ұзақ уақыт компьютер алдында отыру, қараңғы жерде кітап не газет оқу, уақытылы ұйықтамау қабақтың айналасындағы бұлшықеттерге артық күш түсіреді.

Сондай-ақ, конъюнктивит сияқты көз ауруының кесірінен де жайсыздықты сезінуіңіз мүмкін. Бұл жағдайды көздің мөлдір қабаты қабынады. Көзге бір нәрсе түсіп кеткендей сезінесіз. Сөйтіп, көзіңізді қайта-қйта жыпылықтатасыз, бұл көзге шамадан тыс күш түсіреді. Мұндай жағдайда тездетіп дәрігерге қаралған жөн.

Сонымен бірге, қан қысымының жоғарылауы және ми қан айналымының бұзылысы кезінде қабақ тартуы мүмкін. Сондықтан невролог маманға қаралған жөн.

Ырымға сеніп, өз денсаулығыңызға өзіңіз бей-жай қарамаңыз! Сіз ырымға сеніп жүргенде денсаулығыңызды, көру қабілетіңізді айтарлықтай нашарлатып алуыңыз әбден мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1817000-ne-kuanamyn-ne-maamyn-adamny-kzi-ne-sin-tartady/

pixel