Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында жас жігітті атып өлтірген күдіктілер Шымкентте ұсталды

Опубликовано:

Түркістан облысының полицейлері жас жігітті атып өлтіріп, қашып кеткен күдіктілерді қолға түсірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Twitter

12 қыркүйек күні Қазығұрт аудандық ауруханасында мылтық жарақатынан жас жігіт көз жұмған.

Бұл туралы таңғы 05.30 шамасында ақ халаттылар Қазығұрт аудандық полиция бөліміне хабар берген. Қылмыстық іс кісі өлімі бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабына сәйкес тіркеуге алынған.

"Ауыр қылмыс екендігі ескеріліп, Түркістан облыстық полиция департаментінің криминалды полиция және Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерінен жедел тергеу тобы құрылды. Оның құрамында тергеушілер мен криминалистер бар. Барлық мүмкін куәгерлер мен күдікке ілінгендер сұралып, байланыстары тексерілді. Нәтижесінде күдіктілер анықталды", -деп мәлімдеді Түркістан облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Қаракөзова.

Жас жігітке оқ атып, өлтіріп кеткен екі күдікті Шымкент қаласында ұсталған. Бірі Шымкент қаласының, екіншісі Қазығұрт ауданының тұрғыны боп шыққан.

Олардан аңшылық қаруы тәркіленген. Қазіргі таңда барлық қажетті сараптамалар тағайындалды, тәртіп сақшылары қылмыстың мән-жайын анықтап жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1817062-trkistan-oblysynda-zas-zigitti-atyp-ltirgen-kdiktiler-symkentte-staldy/

pixel