ҰЭМ: "Эйр Астана" мен "Scat" әуе компанияларына қатысты тергеу басталды
Опубликовано:
"Эйр Астана" АҚ мен "Scat "авиакомпаниясы" АҚ қатысты монополияға қарсы заңнаманы сақтау туралы тергеу басталды деп хабарлайды ҚР ҰЭМ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Азаматтық авиация қызметтері нарығында баға белгілеу тәжірибесін зерделеу мақсатында ҚР ҰЭМ бәсекелестікті қорғау және дамыту комитеті "Эйр Астана" АҚ мен "SCAT авиакомпаниясы" АҚ-ға қатысты Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 174-бабының 1) тармақшасында көзделген бұзушылық белгілері бойынша, авиабилеттерге монополиялық жоғары баға белгілеу бөлігінде үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану бойынша тергеуге бастама жасады", - делінген ведомство хабарламасында.
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің шағымы тергеуге негіз болды.
Тергеу нәтижелері бойынша авиабилеттерге қолданылатын бағалардың негізділігіне баға берілетін болады
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1818041-em-ejr-astana-men-scat-ue-kompanialaryna-katysty-tergeu-bastaldy/