Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айтжанов Қоңқабаевтың не үшін өзбек боксшысынан жеңіліп қалғанын айтты

Опубликовано:

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының аға жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов 2019 жылғы әлем чемпионатында 91 келіден жоғары салмақта жұдырықтасқан қазақстандық боксшы Қамшыбек Қоңқабаевтың өзбекстандық Баходир Джалоловтан жеңілуіне қатысты пікір білдірді деп хабарлайды Sports.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Қазақстан бокс федерациясы
Фото: Қазақстан бокс федерациясы: Instagram
"Ол расында да, алтын медаль жеңіп алып, біздің жанкүйерлерді қуантуды қатты қалады. Қамшыбек жекпе-жекті дұрыс ұйымдастыра алмады, тактика мен қорғанысты ұмытып, ауыр соққыларға жиі ұрынды. Жеңіске жетуге мүмкіндік болды, бірақ қателіктер кедергі келтірді", - деп санайды Мырзағали Айтжанов.

Оның айтуынша, Қамшыбек қарсыласын есеңгірету үшін дайындықсыз соққы жасауға тырысқан.

"Ол техникамен ұтуы керек еді. Алдыңғы айқастарда сенімді түрде жеңіске жетті ғой, мұнда да сол тәсілді қолдануы керек-тұғын. Ештеңе етпес, Қамшыбек бұл жеңілістен дұрыс қорытынды шығаратынына сенімдімін. Өз шеберлігін шыңдап, өзбек боксшысынан реванш алу үшін Олимпиадаға дейін әлі уақыт бар", — деп есептейді Мырзағали Айтжанов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1818126-ajtzanov-kokabaevty-ne-sin-zbek-bokssysynan-zeilip-kalganyn-ajtty/

pixel